Бексұлтан Құлмырза Қазақстанға Азия Пара ойындарының төртінші алтын медалін сыйлады
Жарияланған күні:

Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Азия Пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жапонияда өтіп жатқан бәсекеде Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Ол ақтық белдесуде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, Қазақстан қоржынына Азия Пара ойындарының төртінші алтын медалін салды.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтер Давид Дегтярев, мерген Еркін Ғаббасов және пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы жеңіс тұғырынан көрінген еді.
Бұдан бөлек, қазір ел қоржынында 5 күміс және 10 қола медаль бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2445180-beksultan-qulmyrza-qazaqstanga-aziia-para-oiyndarynyng-tortinshi-altyn-medalin-syilady/