Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Давид Дегтярев рекорд орнатып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

    Давид Дегтярев
    Давид Дегтярев. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Пауэрлифтер Давид Дегтярев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.

    Давид Дегтярев 191 келі салмақты бағындырып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты.

    Күміс медаль Қытай спортшысы Ян Цзинлянға бұйырса, Индонезия өкілі Хильман қола жүлдеге ие болды.

    Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азия Пара ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.

    Дегтярев Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Ол Ханчжоу-2022 ойындарында алтын, ал Джакарта-2018 додасында күміс медаль алған еді. Соңғы екі Паралимпиадада (Токио-2020 және Париж-2024) да қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

    Давид Дегтярев рекорд орнатып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram