Пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Қазақстан қоржынына Азия ойындарында үшінші алтын медальді салды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
23 жастағы отандасымыз J2 санатында 70 келі салмақта үздік шықты. Ибрагим финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен тағы екі медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста Алина Солодухина 103 келіні көтеріп, екінші орынға ие болды. Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Осылайша ұлттық құрама қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Давид Дегтяров (54 келіге дейін) пара пауэрлифтингтен алтын алса, Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2444558-para-dziudoshy-ibragim-nurmahanuly-qazaqstan-qorzhynyna-aziia-oiyndaryndagy-ushinshi-altyn-medaldi-saldy/