Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова 2026 жылғы Азия ойындарының медаліне бір қадам жетпей тоқтады

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпида комитеті

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының қола медалі үшін белдесуде жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде Қырғызбаев қытайлық Цзыян Сюэмен кездесті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, бәсеке Golden Score қосымша кезеңіне ұласты.

    Кездесудің тағдыры 7 минут 3-секундта шешілді: қытайлық дзюдошы "юко" ұпайын еншілеп, жеңісті жұлып алды. Осылайша, Қырғызбаев Азия ойындарының медаліне бір қадам жетпей тоқтады.

    52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Меруерт Сәрсенова жапониялық дзюдошы Кокоро Фудзиширомен кездесті.

    Белдесуде қосымша уақытта қарсылас жеңіске жетті. Осылайша, Сәрсенова жарысты бесінші орынмен аяқтады.

    Айта кетелік, бұған дейін 60 келіде Елдос Сметов, ал 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.

    Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова 2026 жылғы Азия ойындарының медаліне бір қадам жетпей тоқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram