Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Абиба Абужақынова 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Дзюдошы Абиба Абужақынова
    Абиба Абужақынова. Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Абиба Абужақынова Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық белдесуде Абужақынова жапониялық Мицуки Кондомен кездесті.

    Кездесу Абибаның мезгілінен бұрын жеңілісімен аяқталды. Қарсыласы оны иппонмен жеңді. Осылайша, қазақ спортшысы Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

    Бұл – 29 жастағы Абужақынованың Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада да күміс медаль алған еді.

    Абиба Абужақынова 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram