Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Жарияланған күні:

Дзюдодан Қазақстан құрамасының белді өкілі Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақ спортшысының қарсыласы – татами қожайыны, жапониялық Хаято Кондо болды.
Кездесу барысында қарсыласы екі рет нәтижелі юко ұпайын еншіледі. Осылайша, белдесу жапон дзюдошының пайдасына шешіліп, Елдос Сметов Азиада-2026 турнирінің күміс жүлдесін иеленді.
34 жастағы Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы ең титулды дзюдошы. Ол үш бірдей Олимпиада ойындарының медалін иеленген: Рио-2016-да күміс, Токио-2020-да қола және Париж-2024 Олимпиадасында алтын алды.
Сондай-ақ Сметовтің еншісінде әлем чемпионы атағы мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтыны бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2435950-eldos-smetov-aziia-oiyndarynyng-kumis-zhuldesin-ielendi/
