Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ӘЧ-2026: Мбаппе – Мессидің, Олисе – Пеленің рекордын жаңартты

    Килиан Мбаппе мен Майкл Олисе
    Килиан Мбаппе мен Майкл Олисе. Фото: Photo Agency/Getty Images

    Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе аргентиналық Лионель Мессидің, оның командаласы Майкл Олисе әйгілі бразилиялық футболшы Пеленің рекордын жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен матчта француздар ағылшындардан 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

    Бұл ойында вингер Олисе шабуылшы Килиан Мбаппенің екі голына да ассистент болды. Бұл Мбаппеге әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атануға жол ашты.

    Олисе турнирді жеті нәтижелі паспен аяқтады. Осылайша, ол бір әлем чемпионатындағы ассист саны бойынша Пеленің рекордын бұзды. Әйгілі бразилиялық футболшы мұндай жетістікке 1970 жылғы әлем чемпионатында қол жеткізген еді.

    Олисе жеті нәтижелі пастың бесеуін Мбаппеге берген. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы бір дуэт үшін рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, Олисенің өзі 2026 жылғы әлем біріншілігінде гол соға алмады.

    Ал Мбаппенің әлем чемпионаттарында соққан голдарының жалпы саны 22-ге жетті. Ол еншісінде 21 голы бар Мессидің рекордын жаңартты. Алайда аргентиналық шабуылшы әлем біріншілігінің финалында өнер көрсететіндіктен, бұл рекорд әлі де жаңаруы мүмкін.

    Айта кетейік, осы турнирде Мбаппе 10 гол соқты. Қазір футболшы сұрмергендер рейтингінде жеке-дара бастап тұр. Месси сегіз голмен екінші орында.

    Мбаппе – 56 жылдан кейін әлем чемпионатында мұндай нәтиже көрсеткен алғашқы футболшы. Соңғы рет 1970 жылғы турнирде ГФР құрамасының шабуылшысы Герд Мюллер 10 гол соққан еді.

    ӘЧ-2026: Мбаппе – Мессидің, Олисе – Пеленің рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram