Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Англия-Аргентина арасындағы тартыс: жартылай финал ойыны сағат нешеде басталады

    Харри Кейн және Лионель Месси (солдан оңға қарай)
    Харри Кейн және Лионель Месси (солдан оңға қарай). Фото: Roberto SCHMIDT and Chandan KHANNA / AFP via Getty Images

    Қазақстан уақыты бойынша 16 шілде, бейсенбіге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аяқталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жартылай финалдың соңғы ойынында Англия мен Аргентина өзара кім мықтыны анықтайды. Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді. Матчтың жеңімпазы финалда Испаниямен кездеседі.

    Қазақстан уақыты бойынша 16 шілдеге арналған кесте:

    • 00:00 (15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні). Англия - Аргентина. "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта

    Матчты тікелей эфирде Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.

    Айта кетейік, Аргентина құрамасы – 2022 жылғы әлем чемпионы. Ал Англия сол әлем біріншілігінде ширек финалда жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұған дейін олар 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында төртінші орын алған еді.

    Англия-Аргентина арасындағы тартыс: жартылай финал ойыны сағат нешеде басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram