Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан ӘЧ-2026: Аргентина құрамасы соңғы сәтте финалға жолдаманы жұлып алды

    Англия және Аргентина құрамаларының кездесуі
    Англия және Аргентина құрамаларының кездесуі. Фото: Selección Argentina de fútbol

    Аргентина құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англия командасын жеңіп, әлем біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы "Мерседес-Бенц" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Барлық гол екінші таймда соғылды.

    Есепті алғаш болып ойынның 55-минутында ағылшындар ашты. Хавбек Морган Роджерстің пасынан кейін вингер Энтони Гордон гол соқты.

    Аргентиналықтар 85-минутта жартылай қорғаушы Энцо Фернандестің алыстан бағыттаған дәл соққысынан кейін есепті теңестірді. Ал 90+2 минутта шабуылшы Лаутаро Мартинес әуелеп келген допты баспен қақпаға бағыттап, командасына жеңіс сыйлады.

    Айта кетейік, екі жағдайда да Лионель Месси нәтижелі пас берді.

    Осылайша, Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. Олар чемпиондық атағын Испанияға қарсы матчта қорғайды.

    Кездесу Ист-Ратерфордтағы "Метлайф" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

    Ал Англия құрамасы Франциямен қола жүлдені сарапқа салады. Үшінші орын үшін матч Майами-Гарденстегі "Хард Рок" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 19 шілдеде сағат 02:00-де басталады.

    Футболдан ӘЧ-2026: Аргентина құрамасы соңғы сәтте финалға жолдаманы жұлып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram