Футболдан әлем чемпионаты: Швеция құрамасы Тунистен басым түсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Швеция құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада қатар өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунистен басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
F тобындағы матч Мексиканың Монтеррей қаласындағы "Би-Би-Ви-Эй" стадионында өтті. Швеция құрамасы 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай қорғаушы Ясин Аяри дубль жасады (7, 90+6 минут), ал шабуылшы Александр Исак (30), шабуылшы Виктор Гекерес (59) және қаптал шабуылшысы Маттиас Сванберг (84) бір-бір голдан соқты. Тунис құрамасының жалғыз голының авторы – қорғаушы Омар Рекик (43).
Бірінші турдан кейін Швеция қоржынына үш ұпай салып, F тобында көш бастады. Келесі ойында скандинавиялықтар Нидерландпен кездеседі, олар Жапониямен тең ойнаған болатын.
Ұпайсыз қалған Тунис турнир кестесінде соңғы орында тұр. Команда 20 маусымда Жапониямен ойнайды.
- Кот-д'Ивуар мен Эквадор арасындағы матчта бір ғана гол соғылды
- ӘЧ-2026: Бразилия мен Марокко бір-бірін жеңе алмады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2388470-futboldan-ach-2026-shvetsiia-quramasy-tunisten-basym-tusti/