Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    ӘЧ-2026: Бразилия мен Марокко бір-бірін жеңе алмады

    Бразилия мен Марокко арасындағы ойын
    Бразилия мен Марокко арасындағы ойын. Фото: Fifa.com

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы бірінші тур матчында Бразилия ұлттық құрамасы мен Марокко ұлттық құрамасы 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Kazinform.

    Кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы Метлайф стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі міндетін словениялық Славко Винчич атқарды.

    Ойынның 21-минутында марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари қақпашы Алисон Бекерді алдап өтіп, есеп ашты.

    Ал 32-минутта бразилиялық Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді.

    Екінші турда Бразилия құрамасы Гаити ұлттық құрамасымен (20 маусым), ал үшінші турда Шотландия ұлттық құрамасымен (25 маусым) кездеседі.

    Марокко құрамасы келесі турда Шотландиямен (20 маусым), үшінші турда Гаитимен (25 маусым) ойнайды.

    Ал алғашқы турда Шотландия мен Гаити құрамалары Америка уақытымен 14 маусымға қараған түні өзара кездеседі.

    ӘЧ-2026: Бразилия мен Марокко бір-бірін жеңе алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram