Кот-д'Ивуар мен Эквадор арасындағы матчта бір ғана гол соғылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кот-д'Ивуар құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Эквадорды ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Е тобының бірінші турындағы ойыны Филадельфиядағы "Линкольн Файненшел Филд" стадионында өтті. Матч 1:0 есебімен аяқталды.
Жалғыз голды "Манчестер Юнайтед" сапында ойнайтын вингер Амад Диалло 90-минутта соқты. Оған пасты қорғаушы Уилфрид Синго берді.
Бұл жеңіс ивуарлықтарға үш ұпай сыйлады. Олар өз тобында қосымша көрсеткіштер бойынша Германиядан кейін екінші орында тұр.
Эквадор ұпайсыз қалып үшінші орында келеді. Әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп жатқан Кюрасао командасы кестенің соңында тұр.
12 топтың әрқайсысынан мықты екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Үшінші орын алған сегіз үздік команда да 1/16 финалға жолдама алады.
- ӘЧ-2026: Бразилия мен Марокко бір-бірін жеңе алмады
- Футболдан әлем чемпионаты: АҚШ өз алаңында Парагвайды ірі есеппен ұтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2388459-kot-d-ivuar-men-ekvador-arasyndagy-matchta-bir-gana-gol-sogyldy/