2026 жылғы Азиаданың алғашқы алтынын сыйлаған Рината Сұлтанова екінші жүлдесіне қол жеткізді
Жарияланған күні:

Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында велотректен Қазақстан құрамасына алғашқы медальді сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
29 жастағы спортшы велотректің төрт түрін қамтитын омниум (көпсайыс) бағдарламасында бақ сынады. Ол жалпы есепте 133 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.
Алтын медальді жапониялық Юми Кадзихара (136 ұпай) еншілесе, қола жүлде гонконгтік Ли Сыинге (124 ұпай) бұйырды.
Бұл – Рината Сұлтанованың 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медалі.
Бұған дейін ол тасжол велоспортынан жекелей сында топ жарып, Қазақстанға 2026 жылғы Азиаданың алғашқы алтын медалін сыйлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2437396-rinata-sultanova-hh-zhazgy-aziia-oiyndarynda-ekinshi-zhuldesine-qol-zhetkizdi/
