Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Рината Сұлтанoва Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы алтынын сыйлады

    Рината Сұлтанова
    Рината Сұлтанова. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында велошабандоз Рината Сұлтанoвa Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    28 жастағы спортшы тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарды. Сұлтанoвa 24,2 шақырым қашықтықты 36 минут 23,72 секундта бағындырды.

    Мәре сызығын екінші болып қытайлық Хао Чжан (+4,68 секунд) кессе, үшінші болып оңтүстіккореялық Шин Джи Ын (+32,42) келді.

    Жүлдегерлер
    Жүлдегерлер. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Рината Сұлтанoвa Азия ойындарында алғаш рет жеңімпаз атанып отыр. Ол Ханчжоу-2022 ойындарында қола жүлдеге ие болған еді. Сондай-ақ спортшының еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны бар.

    22 қыркүйекте спортшы Азиададағы бәсекесін тасжол велоспортынан топтық жарыспен түйіндейді.

    Рината Сұлтанoва Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы алтынын сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram