Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Бұл сәтті қазақстандықтармен бөліскім келеді": Рыбакина алда қандай жоспарлары барын айтты (видео)

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Matthew Stockman/Getty Images

    US Open турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қазақстанға келіп, жеңісін отандастарымен бірге атап өтуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

    TheTennisLetter басылымы X әлеуметтік желісінде Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейінгі баспасөз мәслихатынан үзінді жариялады.

    Спортшы кеткелі жатқанда, одан қазақстандық журналистің сұрағына жауап беру сұралды. Елена Рыбакина қайта оралып, сұрақты тыңдады.

    Журналист теннисшіден матчты тамашалап, жанкүйер болған қазақстандықтарға не айтқысы келетінін сұрады.

    "Маған қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңыз үшін үлкен алғыс айтамын. Әзірге үйде емеспін, бірақ келуді жоспарлап отырмын. Мені қолдап, матчты бақылаған барлық қазақстандықпен осы сәтті бөліскім келеді.

    Әсіресе балалармен. Мен әрдайым айтамын: қазір теннис орталықтарына көптеген бала келіп жатыр... олардың барлығы теннис ойнағысы келеді, бұл өте керемет. Бүкіл ел үшін маңызды бұл жетістікті бірге атап өтейік", - деді Елена Рыбакина.

    Еске салсақ, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.

    "Бұл сәтті қазақстандықтармен бөліскім келеді": Рыбакина алда қандай жоспарлары барын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram