Елена Рыбакина Арина Соболенконы жеңіп, алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.
Маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі Нью-Йорктің хард корттарында өтті. Финалда Рыбакина белоруссиялық Арина Соболенкомен кездесті.
Матч үш сетке созылды. Қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Спортшылар кортта 2 сағат 21 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Рыбакина 12 эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді. Ол 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
27 жастағы қазақстандық спортшы мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2022 жылғы Уимблдонда және биылғы маусымда Australian Open-де жеңіске жеткен болатын. Жалпы алғанда, спортшы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) деңгейінде 14 титул иеленді.
US Open қорытындысы бойынша Рыбакина 9901 ұпай жинап, әлемдік рейтингте көш бастайды. Соболенко бірінші орыннан екінші орынға сырғыды. Белоруссиялық теннисші US Open турнирін өткен екі маусымда қатарынан ұтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2426748-elena-rybakina-arina-sobolenkony-zhengip-algash-ret-us-open-turnirining-chempiony-atandy/
