US Open-де жеңіске жеткен Рыбакина теннис тарихындағы рекордтық жүлдені иеленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы жүлде мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Биылғы маусымда US Open турнирінде теннис тарихындағы ең ірі жүлде қоры – 108 миллион доллар тігілді. Жекелей сында чемпион атанған Рыбакина 5,5 миллион доллар (ағымдағы бағам бойынша шамамен 2,48 миллиард теңге) алды.
Қазақстандық теннисші әйелдер теннисіндегі бір турнир үшін берілетін жүлде бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Өткен маусымда WTA қорытынды турниріндегі жеңісі оған 5,235 миллион доллар әкелген еді.
US Open финалында Рыбакинадан жеңілген белоруссиялық Арина Соболенко турнир қорытындысы бойынша 2,8 миллион доллар тапты.
Қазақстанның жекелей сындағы екінші ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда жарыстан шығып қалды. Бұл нәтиже оған 190 мың доллар әкелді.
Жұптық сындағы еліміздің үздік теннисшісі Анна Данилина да екінші айналымда тоқтады. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге 50 мың доллар еншіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2426764-us-open-de-zhengiske-zhetken-rybakina-tennis-tarihyndagy-rekordtyq-zhuldeni-ielendi/
