Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елена Рыбакина US Open финалына шықты: қарсыласы – Арина Соболенко

    Казахстанская теннисистка Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Ben Solomon/USTA via Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жарыстың екінші нөмірлі ракеткасы жартылай финалда америкалық Коко Гауффпен кездесті. Гауфф – әлемнің төртінші ракеткасы және 2023 жылғы US Open чемпионы.

    Матч үш сетке созылды. Рыбакина ерік-жігер танытып, 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    Теннисшілер кортта 2 сағат 9 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы бес эйс жасап, екі рет қателік жіберді. Сондай-ақ ол алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

    Рыбакина US Open финалына алғаш рет шығып отыр. Ол титул үшін Арина Соболенкомен таласады. Соболенко – америкалық "Үлкен дулыға" турнирінің соңғы екі дүркін чемпионы. Жартылай финалда беларусь теннисшісі америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

    Маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирінің қорытындысы бойынша Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Ол Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде Соболенконы көш басынан ығыстырады.

    US Open финалы 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Рыбакина бұған дейін екі "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жеткен: Уимблдон-2022 және Australian Open-2026.

    Елена Рыбакина US Open финалына шықты: қарсыласы – Арина Соболенко

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram