"Саудаласамын": Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жектен қанша ақша табатынын ашық айтты
Жарияланған күні:

ММА файтері, кәсіпқой боксшы, актер әрі каскадер Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жектен қанша ақша табатынын айтты. Бұл туралы ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сұхбат барысында Еркебұлан Тоқтар үш айда, кейде тіпті бір-екі айда бір рет жекпе-жекке шығатынын айтты.
Айтуынша, ол әр жекпе-жектен соң шетелге барып, бір аптадай уақыт демалады. Бұл "қалпыма келуім үшін жеткілікті уақыт", - дейді спортшы.
Сонымен бірге ол шаршы алаңға шыққаны үшін қанша табыс табатынын айтты.
"Бір жекпе-жектен 50 млн теңгеден жоғары табыс табамын. Кейде 30-40 млн теңгеден басталады. Саудаласамын. Қымбаттау шығар, бірақ менің бағам осы. Бірақ сол ақшаны ақтаймын. Әр теңгенің құны ақталады", - деді ол.
Еске салсақ, кеше қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Ол жекпе-жек кезінде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/mma/2420127-odan-song-mindetti-turde-shetelde-demalamyn-erkebulan-toqtar-bir-zhekpe-zhekten-qansha-aqsha-tabatynyn-ashyq-aitty/
