Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Еркебұлан Тоқтар Астанадағы турнирде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

    Еркебұлан Тоқтар
    Еркебұлан Тоқтар. Фото: Nomad Fighting

    Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Спортшы Астанада өткен IBA Nomad турнирінде өнер көрсетті. Екінші орта салмақта (76,2 кг дейін) жұдырықтасқан Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы Испанчик лақап атымен танымал өзбекстандық Бобиржон Исроилов болды.

    Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Бірінші раундтың өзінде Еркебұлан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта Исроилов қарсыласын нокдаунға түсірді.

    Келесі раундта Тоқтар қарсыласын тағы екі рет нокдаунға жіберді, ал Исроилов бесінші рет құлағанда, төреші есептеу жүргізбей, техникалық нокаут тіркеді.

    Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үш жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Сондай-ақ ол Octagon ММА лигасының BMF белбеу иегері және жұдырықтасу жекпе-жектерінде өнер көрсетеді.

    Исроилов бұған дейін кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен еді. Ол – муай-тайдан әлем чемпионы әрі ММА-да да бақ сынаған спортшы.

    Еркебұлан Тоқтар Астанадағы турнирде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram