ӘЧ-2026: Мбаппе бастаған Франция құрамасы Марокконы жеңіп, жартылай финалға шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кездесу Фоксбородағы "Джиллетт" стадионында өтіп, 2:0 есебімен әлемнің вице-чемпиондарының пайдасына шешілді.
Екі гол да екінші таймда соғылды. Алдымен 60-минутта француздардың шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе вингер Дезире Дуэнің пасынан кейін есеп ашты. 66-минутта Мбаппенің нәтижелі пасынан кейін тағы бір шабуылшы Усман Дембеле екінші голды салды.
Айта кетейік, бірінші таймда Мбаппе пенальтиді орындай алмады. Оның 11 метрлік нүктеден бағыттаған соққысын Яссин Буну қайтарды.
Соған қарамастан, Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сегізінші голын соғып, үздік сұрмергендер рейтингінде Лионель Мессиді қуып жетті. Жалпы, әлем чемпионаттары тарихында аргентиналық шабуылшының еншісінде 21 гол болса, француз шабуылшысының есебінде 20 гол бар.
Осылайша, Франция құрамасы үшінші рет қатарынан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар келесі кезеңде Испания - Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ал марокколықтар өткен әлем чемпионатындағы нәтижені қайталай алмады. Ол кезде африкалық команда төртінші орын алған еді. Бұл – құрама тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
- "Франция - Марокко": футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ширек финалы нешеде басталады
- Футболдан ӘЧ-2026: ширек финалдың барлық жұбы белгілі болды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2397950-ach-2026-mbappe-bastagan-frantsiia-quramasy-marokkony-zhengip-zhartylai-finalga-shyqty/