"Франция - Марокко": футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ширек финалы нешеде басталады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша 10 шілде, бейсенбіден жұмаға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық ойындары басталады. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға матч кестесін ұсынады.
Алғашқы ширек финалдық бәсекеде Франция және Марокко құрамалары өзара кім мықтыны анықтайды.
Қазақстан уақыты бойынша 10 шілдеге арналған кесте:
- 01:00. Франция - Марокко. "Джиллетт" стадионы, Фоксборо
Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Испания немесе Бельгиямен кездеседі.
Франция-Марокко матчын Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Франция финалға шығып, Аргентинадан ұтылған еді. Ал Марокко төртінші орын алып, өз тарихында үздік нәтижеге қол жеткізген болатын.
- Футболдан ӘЧ-2026: ширек финалдың барлық жұбы белгілі болды
- 1/8 финалдың соңғы ойыны: футболдан әлем чемпионатының 8 шілдеге арналған кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2397766-frantsiia-marokko-futboldan-2026-zhylgy-alem-chempionatynyng-algashqy-shirek-finaly-neshede-bastalady/