Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Криштиану Роналду Португалия – Хорватия матчының ең үздік ойыншысы атанды

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду
    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду. Фото: Maja Hitij/FIFA via Getty Images

    Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду Хорватияға қарсы өткен матчтың ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Командалар арасындағы 1/16 финал ойыны Канаданың Торонто қаласында өтіп, 2:1 есебімен португалиялықтардың жеңісімен аяқталды.

    Роналду негізгі құрамда алаңға шығып, 68-минутта пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. 81-минутта оны жартылай қорғаушы Рубен Невеш алмастырды.

    Осылайша, 41 жастағы португалиялық футболшы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ең егде қатысушы және гол соққан ең жасы үлкен ойыншы атанды. Бұл оның 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші голы.

    Айта кетейік, Роналду – тарихта алты әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы. Қазір оның әлем біріншіліктерінде соққан жалпы голының саны – 11.

    Сонымен қатар Роналду ұлттық құрама сапында өткізген матчтары (232) және соққан голдары (146) бойынша өзіне тиесілі әлемдік рекордтарды жаңартты.

    Криштиану Роналду Португалия – Хорватия матчының ең үздік ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram