Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Испания - Австрия және Португалия - Хорватия: 3 шілдедегі ойындар кестесі

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Molly Darlington/Getty Images

    Жұма, 3 шілдеде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында үш кездесу өтеді. Бұл күні турнирдің фавориттері де алаңға шығады. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға матч кестесін ұсынады.

    Атап айтқанда, түнде және таңертең үш кездесу өтеді. Ал тағы бір ойынды кешкі сессияда тамашалауға болады.

    Қазақстан уақыты бойынша 3 шілдеге арналған матч кестесі:

    • 00:00 (2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні). Испания - Австрия. "Соу-Фай" стадионы, Инглвуд (АҚШ). Келесі қарсылас: Португалия немесе Хорватия
    • 04:00. Португалия - Хорватия. "Бимо Филд" стадионы, Торонто (Канада). Келесі қарсылас: Испания немесе Австрия
    • 08:00. Швейцария - Алжир. "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада). Келесі қарсылас: Колумбия немесе Гана
    • 23:00. Австралия - Мысыр. "Эй-Ти-энд-Ти" стадионы, Арлингтон (АҚШ). Келесі қарсылас: Аргентина немесе Кабо-Верде.

    Швейцария-Алжир матчын тікелей эфирде тек Qazsport арнасы көрсетеді. Басқа ойындарды "Qazaqstan" арнасынан да көруге болады.

    Испания - Австрия және Португалия - Хорватия: 3 шілдедегі ойындар кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram