Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны жеңіп, футболдан әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

    АҚШ - Босния және Герцеговина кездесуі
    АҚШ - Босния және Герцеговина кездесуі. Фото: Charlotte Wilson/Getty Images

    Әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Матч АҚШ-тың Санта-Клара қаласындағы "Левайс" стадионында өтті. Алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске қол жеткізді.

    Алғашқы голды 45-минутта америкалық шабуылшы Фоларин Балогун соқты. Ол екінші таймның 64-минутында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 82-минутта жартылай қорғаушы Малик Тиллман гол соғып, қарсылас командадан үстемдігін одан әрі нығайтты.

    Осылайша АҚШ құрамасы 1/8 кезеңге өтті, онда олар Сенегал командасын жеңген Бельгия құрамасымен ойнайды.

    АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны жеңіп, футболдан әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram