Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Соңғы минуттағы гол: футболдан әлем чемпионатында Бразилия Жапонияны жеңіп, 1/8 финалға шықты

    Бразильский футболист Габриэл Мартинелли
    Габриэл Мартинелли. Фото: Molly Darlington/Getty Images

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф сатысында Бразилия құрамасы Жапонияны соңғы минутта жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Бұл туралы kazinform хабарлайды.

    Әлем чемпионатын тамашалап жүрген жанкүйерлер бұл кездесуде Бразилия құрамасына басымдықты беріп қойған еді. Қазірге дейін бес мәрте жеңіс тұғырына көтерілген Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері плей-офф сатысынан аса алмауы сенсациялық болуы әбден мүмкін. Десе де жапониялық футболшылар кездесу алдында тәжірибелі қарсыласына лайықты төтеп беретінін мәлімдеді.

    Кездесу барысында бразилиялық құрама алғашқы минуттан тізгінді өз қолына ұстауға тырысты. Соған қарамастан Азия құрлығынан келген футболшылар қарсы шабуылға шығып тұрды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Каисю Сано 29-минутта мүмкіндігін мүлт жібермей, өз құрамасын алға шығарды. Бірінші кезеңде бразилиялық футбтболшылар таразы басын теңестіре алған жоқ.

    Екінші кезеңде олар дәл осы қарқында ойынды өрбітті. Нәтижесінде 56-минутта Каземиро гол соқса, Габриэл Мартинелли 96-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

    Осылайша Бразилия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алды.

    Айта кетсек, С тобында сынға түскен Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері өз тобында 7 ұпаймен бірінші орын алды. Алдымен Мароккомен 1:1 есебімен тең ойнап, одан қатарынан екі ойында Шотландия мен Гаитиді 3:0 есебімен тізе бүктірді.

    Ал Жапония F тобында Нидерландпен 2:2, Швециямен 1:1 есебімен тең ойнап, Тунисті 4:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде 5 ұпай жинап, өз тобында екінші орынға табан тіреді.

    Екі құрама қазірге дейін он мәрте кездесті. Оның сегізінде бразилиялық футболшылар жеңіске жетсе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

    Енді 30 маусымда сағат 01:30-да Германия мен Парагвай жасыл алаңға шықса, 06:00-де Кот-д'Ивуар - Норвегия құрамалары кездеседі.

    Соңғы минуттағы гол: футболдан әлем чемпионатында Бразилия Жапонияны жеңіп, 1/8 финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram