Оңтүстік Корея президенті құраманың әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін тексеру жүргізуді тапсырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен Мәдениет министрлігіне ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы сәтсіз өнер көрсетуінің себебін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды РИА Спортқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мен бұл күтпеген нәтижеге жай ғана таңғалып отырған жоқпын, тіпті не дерімді білмей, аң-таң болып отырмын. Түптеп келгенде, кадрлар бәрін шешетінін көріп отырмыз", - деп жазады Ли Чже Мен әлеуметтік желіде.
Оның пайымдауынша, мұның бәрі фаворитизм мен біліксіз мамандарды тағайындаудан, сондай-ақ салық төлеушілер қаржысының мақсатсыз жұмсалуына әкелетін қаржылық саясаттың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан болды.
"Мен Мәдениет, спорт және туризм министрлігінен осы жағдайдың нақты мән-жайын мұқият зерттеп, оның себептерін талдап, мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу және жағдайды жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуді сұраймын", - деді Оңтүстік Корея президенті.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан барлық құрама анықталды.
- Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама анықталды
- Футболдан әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған Кабо-Верде плей-офф кезеңіне шықты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2393915-ongtustik-koreia-prezidenti-quramanyng-alem-chempionatyndagy-satsizdiginen-keiin-tekseru-zhurgizudi-tapsyrdy/