Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Норвегия - Франция және Уругвай - Испания: 2026 жылғы әлем чемпионатының 27 маусымдағы кестесі

    Норвегия - Франция матчының афишасы
    Норвегия - Франция матчының афишасы. Коллаж: Equipe de France

    Қазақстан уақыты бойынша, 27 маусым, сенбіге қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының тағы үш тобындағы топтық кезең ойындары аяқталады. KAZ.NUR.KZ алдағы матч кестесін назарларыңызға ұсынады.

    Ойындар G, H және I топтарындағы командалар арасында өтіп, бір уақытта басталады.

    Бұл кездесуде Норвегия мен Франция құрамалары топ жеңімпазын анықтайды. Ал басқа ұлттық құрамалар плей-оффқа жолдама алып үлгермесе де, келесі кезеңге өту мүмкіндігін толық жоғалтқан жоқ.

    Қазақстан уақыты бойынша 27 маусымға арналған матч кестесі:

    • 00:00 (26 маусымнан 27 маусымға қараған түні). Норвегия - Франция. I тобы, "Джиллетт" стадионы, Фоксборо (АҚШ). Трансляция: "Qazaqstan"
    • 00:00. Сенегал - Ирак. I тобы, "Бимо Филд" стадионы, Торонто (Канада). Трансляция: "Qazsport"
    • 05:00. Уругвай - Испания. H тобы, "Акрон" стадионы, Сапопан (Мексика). Трансляция: "Qazaqstan"
    • 05:00. Кабо-Верде - Сауд Арабиясы. H тобы, "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон (АҚШ). Трансляция: "Qazsport"
    • 08:00. Мысыр - Иран. G тобы, "Люмен Филд" стадионы, Сиэтл (АҚШ). Трансляция: "Qazaqstan".
    • 08:00. Жаңа Зеландия - Бельгия. G тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада). Трансляция: Qazsport

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.

    Норвегия - Франция және Уругвай - Испания: 2026 жылғы әлем чемпионатының 27 маусымдағы кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram