Неймардың оралуы, Винисиустың дублі: Бразилия Шотландияны ірі есеппен жеңіп, плей-оффқа шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бразилия ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында өткен матчта Шотландияны ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
С тобындағы шешуші үшінші турдың матчы Майамидегі "Хард Рок" стадионында өтіп, 3:0 есебімен бразилиялықтардың жеңісімен аяқталды.
Бразилия сапында шабуылшы Винисиус Джуниор дубль авторы атанды (7 және 45+3-минуттарда). Оған вингер Райан мен жартылай қорғаушы Бруно Гимарайнс көмектесті. Тағы бір голды 60-минутта шабуылшы Матеус Кунья соқты. Оған да нәтижелі пасты Гимарайнс шығарып берді.
Ойынның 76-минутында Бразилия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген Неймар алаңға шықты. 34 жастағы шабуылшы 2023 жылғы қазаннан бері ұлттық құрама сапында ойнамаған еді және жарақатына байланысты осы турнирдің алғашқы екі ойынын өткізіп алды.
Осылайша, Бразилия құрамасы жеті ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша Марокконы басып озып, С тобында көш бастады. Екі команда да плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Шотландия құрамасы үш ұпаймен үшінші орында тұр, олардың әлі де плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі бар.
С тобындағы бұл нәтижелер Босния және Герцеговина құрамасының плей-оффқа шығуын қамтамасыз етті. Олар төрт ұпаймен В квартетінде үшінші орында.
- Неймар алаңға шығуы мүмкін: ӘЧ-тің 25 маусымдағы ойындар кестесі
- Мбаппенің екі голы Франция құрамасына Иракты ірі есеппен жеңуге көмектесті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2392642-neimardyng-oraluy-vinisiustyng-dubli-braziliia-shotlandiiany-iri-eseppen-zhengip-plei-offqa-shyqty/