Футболдан әлем чемпионаты: 20 маусымдағы матч кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша сенбі, 20 маусымда Бразилия мен Нидерланд сияқты алпауыт командалар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында екінші тур ойындарын өткізеді. KAZ.NUR.KZ матч кестесін назарларыңызға ұсынады.
Таңғы сессияда C және D топтарының ойындары өтеді. Сенбі күні кешке Қазақстан уақыты бойынша F тобындағы қарсыластар – Нидерланд пен Швеция кездеседі.
Төменде көрсетілген барлық матч АҚШ-та өтеді.
Қазақстан уақыты бойынша 20 маусымға арналған матч кестесі:
- 00:00 (19 маусымнан 20 маусымға қараған түні). АҚШ - Австралия. D тобы, "Люмен Филд" стадионы, Сиэтл
- 03:00. Шотландия - Марокко. C тобы, "Джиллетт" стадионы, Фоксборо
- 05:30. Бразилия - Гаити. C тобы, "Линкольн Файнэншл Филд" стадион, Филадельфия
- 08:00. Түркия - Парагвай. D тобы, "Ливайс" стадионы, Санта-Клара
- 22:00. Нидерланд - Швеция. F тобы, "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон
Бұл матчтың барлығын "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.
- Футболдан әлем чемпионаты: Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны ірі есеппен жеңді
- Футболдан әлем чемпионаты: 19 маусымдағы ойындар кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2390709-futboldan-alem-chempionaty-20-mausymdagy-oiyndar-kestesi/