Футболдан әлем чемпионаты: 19 маусымдағы ойындар кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша жұма, 19 маусымда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясындағы А және В топтарында екінші тур ойындары өтеді. KAZ.NUR.KZ оқырман назарына ойындар кестесін ұсынады.
Екінші тур 18 маусымда Чехия мен Оңтүстік Африка арасындағы матчпен ашылады (Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады). Ал бірнеше сағаттан кейін тағы алты команда ойнайды.
Қазақстан уақыты бойынша 19 маусымдағы матчтар кестесі:
00:00 (18-нен 19 маусымға қараған түні). Швейцария - Босния және Герцеговина. B тобы, "Соу-Фай"стадионы, Инглвуд (АҚШ)
03:00. Канада - Қатар. B тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада)
06:00. Мексика - Оңтүстік Корея. A тобы, "Акрон" стадионы, Сапопан (Мексика)
Матчтар түгел Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.
- Футболдан ӘЧ-2026: Өзбекстан мен Колумбия арасындағы тарихи матчқа видеошолу жарияланды
- Футболдан ӘЧ-2026: Өзбекстан құрмасы дебюттік матчында Колумбияға есе жіберді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2390222-futboldan-alem-chempionaty-19-mausymdagy-oiyndar-kestesi/