Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан ӘЧ-2026: Өзбекстан мен Колумбия арасындағы тарихи матчқа видеошолу жарияланды

    Өзбекстан және Колумбия құрамаларының футболшылары
    Өзбекстан-Колумбия құрамаларының кездесуі. Фото: Өзбекстан футбол қауымдастығы

    Ресми хабар таратушы "Qazsport" телеарнасы өзінің YouTube арнасында Өзбекстан мен Колумбия арасындағы әлем чемпионаты матчына видеошолу жариялады.

    K тобындағы бірінші раунд ойыны Қазақстан уақыты бойынша 18 маусымда таңертең өтіп, колумбиялықтардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

    Колумбия сапында гол соққандар: қорғаушы Даниель Муньос (40-минутта), шабуылшы Луис Диас (65-минутта) және жартылай қорғаушы Хаминтон Кампас (90+9 минутта).

    Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. Команданың әлем біріншілігіндегі алғашқы голын 22 жастағы жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев соқты.

    Ол қақпашы Камило Варгас шабуылшы Элдор Шомуродовтың соққысын қайтарғаннан кейін допты қақпаға бағыттады.

    Өзбекстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы қалған ойындарының кестесі, Қазақстан уақыты бойынша:

    • Сейсенбі, 23 маусым, сағат 22:00. Португалия - Өзбекстан. K тобы. "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон.
    • Жексенбі, 28 маусым, сағат 04:30. Конго Демократиялық Республикасы - Өзбекстан. K тобы. "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта.

    Плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі мықты команда өтеді.

    Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған құрамалардың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.

    Футболдан ӘЧ-2026: Өзбекстан мен Колумбия арасындағы тарихи матчқа видеошолу жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram