Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: қазақ балуандары қоржынға тағы екі қола медаль салды

    Едіге Қасымбек
    Едіге Қасымбек. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында еркін күрес шебері Едіге Қасымбек пен әйелдер күресінің өкілі Зейнеп Баянова қола медаль иегерлері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 19 жастағы Едіге Қасымбек Үндістан мен Өзбекстан балуандарын жеңгенімен, жартылай финалда ирандық қарсыласына есе жіберді.

    Кейін қола жүлде үшін өткен белдесуде түрікменстандық Зыямухаммет Сапаровты 14:4 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

    Осылайша, Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Едіге Қасымбек қола жүлдегер атанды. Бұл медаль – ұлттық құраманың еркін күрестен алған екінші жүлдесі. Бұған дейін Начын Куулар (61 келіге дейін) қола медаль иеленген еді. Грек-рим күресі өкілдері арасында Мейіржан Шермаханбет те (67 келіге дейін) қола жүлде еншілеген болатын.

    Зейнеп Баянова
    Зейнеп Баянова. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Ал әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зейнеп Баянова қола медаль үшін бәсекеде үндістандық Дипаншимен кездесті.

    Кездесуде Зейнеп 11:4 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін алды.

    Айта кетейік, Азия ойындарындағы балуандар бәсекесі 3 қазанда аяқталады. Ертең де қазақ спортшылары басқа салмақ дәрежелерінде жүлделер үшін таласады.

    Азиада-2026: қазақ балуандары қоржынға тағы екі қола медаль салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram