Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Балуан Мейіржан Шермаханбет 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

    Мейіржан Шермаханбет
    Мейіржан Шермаханбет. Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

    Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Мейіржан Шермаханбет 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақ балуаны моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті. Шермаханбет жекпе-жек барысын толық бақылауында ұстап, қарсыласына бірде-бір ұпай алуға мүмкіндік бермеді.

    Қазақ спортшысы техникалық басымдығының арқасында 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ұлттық құрама қоржынына 2026 жылғы Азия ойындарының тағы бір қола жүлдесін салды.

    Қазіргі уақытта ұлттық құрама еншісінде 56 медаль бар, оның 9-ы алтын, 16-сы күміс және 31-і қола жүлде.

    Балуан Мейіржан Шермаханбет 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram