Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды

    боксшы Айбек Оралбай
    Боксшы Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай алтын медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте қазақ боксшысы өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесті.

    Айбек Оралбай шешуші жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

    Бұл жүлде – Айбек Оралбайдың халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістігі. Ел намысын беделді турнирлерде бірнеше рет қорғаған боксшының еншісінде әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы атағы бар. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысқан.

    Айбек Оралбай биылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына бокстан екінші алтын медальді сыйлады. Бұған дейін 70 келіде Төрехан Сабырхан топ жарған болатын.

    Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram