Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Төрехан Сабырхан Азиада чемпионы атанды

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің баспасөз қызметі

    Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан жеңіске жетіп, Азиаданың чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан ақтық сында Иордания спортшысы Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан жинақы қорғанып, әрі дер кезінде шабуылдап үлгерген отандасымыз әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.

    Осылайша, Қазақстанның Азиададағы қоржыны оныншы алтынмен толықты.

    Отандасымыздың жарыстағы жолы:

    • 1/8 финал. Мохаммед Дбичи (Қатар) - 5:0
    • 1/4 финал. Әли Касим Хамдан Әл-Сарай (Ирак) - 1-раундта нокаут
    • 1/2 финал. Шавкатжан Болтаев (Өзбекстан) - 5:0

    Бұған дейін Қазақстан боксшылары 2014 жылы Оңтүстік Кореяда ұйымдастырылған Азиадада жоғары тұғырға көтерілген болатын.

    Төрехан Сабырхан Азиада чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram