Азиада-2026: Қазақстан Сабырхан мен Богданованың жекпе-жек нәтижелеріне наразылық білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарында екі жартылай финалдық жекпе-жектің нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді. Бұл кездесулерде қазақ спортшылары қола медаль иеленген еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан бокс федерациясы Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова өнер көрсеткен жекпе-жектердің нәтижесіне ресми түрде наразылық білдірді. Бұл туралы федерацияның Instagram-дағы парақшасының stories бөлімінде хабарланды.
"Қазақстан бокс федерациясы Жапониядағы Азия ойындарының жартылай финалы аясында өткен 75 келідегі Наталья Богданова мен Ловлина Боргохайн (Үндістан), сондай-ақ 55 келідегі Махмұд Сабырхан мен Карло Паалам (Филиппин) жекпе-жектерінің нәтижесімен келіспейді және World Boxing ұйымына наразылық жолдады", - делінген федерация мәлімдемесінде.
Алайда келіспеушіліктің себептері нақтыланбаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Наталья Богданова мен Махмұд Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/boxing/2436005-aziada-2026-qazaqstan-sabyrhan-men-bogdanovanyng-zhekpe-zhek-natizhelerine-narazylyq-bildirdi/
