Махмұд Сабырхан Азиаданың қола медалін иеленді
Жарияланған күні:

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан қола медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/2 финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Карло Пааламмен өзара мықтыны анықтады. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен айқаста 2:3 есебімен жеңіс қарсыласқа кетті.
Алда әлі Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/boxing/2435818-mahmud-sabyrhan-aziadanyng-qola-medalin-ielendi/
