Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бесінші алтын: Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогында топ жарды

    Айбек Оралбай
    Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Олимпиада чемпионы, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогының алтын медалін иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Аса ауыр салмақта ( 90 келіден жоғары) ел намысын қорғаған Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен жұдырықтастып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Ақтық сынға дейін Айбек 1/2 финалда бразиялық Жоел Рамостан 3:2, 1/4 финалда ағылшын боксшысы Мэтью Уильямстан 5:0, 1/8 финалда АҚШ өкілі Нажай Райттан 5:0 есебімен басым түскен.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында бес алтын медаль жеңіп алды.

    Бұған дейін Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Абылайхан Жүсіпов және Санжар Тәшкенбай жарыс жеңімпазы атанған болатын.

    Бесінші алтын: Айбек Оралбай Қытайдағы әлем кубогында топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram