Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем кубогының алтынын алды
Жарияланған күні:
Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында тағы бір қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кезекті алтынды қоржынға салған – Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келі салмақта сынға түскен Виктория Графеева.
Финалдық бәсекеде Виктория Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайпей өкілі Лин Юй-Тинмен кездесті.
Алғашқы раунд қарсыласының еншісінде кеткенімен, ол соңғы секундқа дейін жеңіске талпынып, 3:2 есебімен басым түскен.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай топ жарған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/boxing/2391078-viktoriia-grafeeva-olimpiada-chempionyn-zhengip-alem-kubogynyng-altyn-medalin-ielendi/