18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Лионель Месси әкесімен қоштасты және сотқа талап арыз бермек

    Лионель Месси әкесімен қоштасту рәсімінде
    Лионель Месси әкесімен қоштасту рәсімінде. Фото: Luciano Bisbal/Getty Images

    Атақты футболшы Лионель Месси әкесін ақтық сапарға аттандырды, деп хабарлайды "Чемпионат" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Спорт басылымының аргентиналық Clarín порталының мәліметіне сүйеніп жазуынша, футболшы 9 тамызда әкесі Хорхе Мессиді жер қойнына тапсырған.

    "Қоштасу рәсімінен кейін Месси отбасымен бірге қауіпсіздік шаралары күшейтілген зират аумағынан кетіп қалды. Футболшыны жақындарымен бірге Аргентинаға жеткізген жеке ұшақ Майамиге бос қайтты", - делінген хабарламада.

    Дегенмен Мессидің Аргентинада қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз.

    Сондай-ақ басылымның жазуынша, футболшы әкесімен қоштасу рәсімі кезінде отбасының жеке өміріне қол сұқты деп есептейтін аргентиналық бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңды шаралар қолдануға ниетті.

    "Месси Хорхе Мессимен қоштасу кезінде отбасының жеке өміріне қол сұққан аргентиналық БАҚ-қа қарсы заңды шаралар қолданатынын растады", - дейді аргентиналық журналист Фран Касаретто.

    Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің әкесі әрі агенті Хорхе Месси ұзаққа созылған аурудан кейін 68 жасында қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.

    Лионель Месси әкесімен қоштасты және сотқа талап арыз бермек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram