БАҚ: Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
БАҚ-та аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің отбасындағы қайғылы жағдай туралы ақпарат тарады – ұзаққа созылған аурудан кейін оның әкесі әрі агенті Хорхе Месси 68 жасында дүниеден озған.
Championat ақпаратына сәйкес, Лионель Мессидің әкесі өмірден өткенін аргентиналық Infobae газеті хабарлаған. Марқұмның ұзақ уақыт бойы емделгені, бірақ оның нақты қандай аурумен ауырғаны айтылмаған.
Басылымның жазуынша, биылғы әлем чемпионатында Алжир қақпасына 3 гол салған Месси матчтан кейін көз жасына ерік берген. Кейін ол сұхбатында бұл реакциясының спортқа қатысы жоғын, басынан кешкен ауыр күндермен байланысты екенін мәлімдеген.
Сол кезде Мессидің әкесі науқас екені туралы ақпарат тарай бастады.
РБК-ның мәліметінше, Хорхе Месси Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада қайтыс болған. Өлім себебі белгісіз.
Басылым тілшісі Хорхе ұлының бүкіл спорттық мансабында оның агенті болғанын атап өткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2410123-baq-lionel-messiding-akesi-qaitys-bolganyn-habarlady/
