jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Илон Маск АҚШ-тағы президент сайлауында дауыс берді

    Илон Маск
    Илон Маск. Фото: Apu Gomes/Getty Images

    Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск әлеуметтік желіде АҚШ-тағы президент сайлауында дауыс бергенін жариялады. Ол – Трамптың жақтасы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңа ғана Техас штатындағы Кэмерон округінде, Starbase отанында дауыс бердім", - деп жазды Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

    Starbase – SpaceX ғарыш айлағы, кәсіпкердің компаниясы.

    Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланады.

    АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.

    Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін хабарлаған едік.

    Свежая публикация по теме:
    Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды
    Илон Маск АҚШ-тағы президент сайлауында дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.