jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды (видео)

    Дональд Трамп пен Камала Харрис
    Дональд Трамп пен Камала Харрис. Фото: Kevin Dietsch/Getty Images

    АҚШ-тағы президент сайлауында дауыс беру аяқталды, кейбір штаттарда дауыстарды санау басталды. БАҚ сайлау қорытындысы туралы алғашқы мәліметтерді жариялады.

    AP және Fox News басылымдарының хабарлауынша, Дональд Трамп Кентукки мен Индиана штаттарында көш бастап тұр. Индианада бюллетеньдердің 9 пайызы өңделді. Трамп 56 пайыз, Харрис 41 пайыз жинады. Кентуккиде Трамп 64 пайыз, Харрис 34 пайыз дауыс жинады. Ол жерде хаттамалардың 3 пайызы есепке алынған.

    CNN агенттігіХаррис Вермонт штатында көш бастап тұрғанын жазды.

    РИА Новости Edison Research компаниясының exit-poll компаниясының деректеріне сілтеме жасай отырып, алдын ала Висконсин штатындағы сайлаушылардың 47 пайызы Демократиялық партияның кандидаты және АҚШ вице-президенті Камала Харристі, 44 пайызы бұрынғы президент және Республикалық партияның кандидаты Дональд Трампты қолдайтынын жазды.

    Агенттік мәліметінше, Джорджияда Трамп 54,4 пайыз жинаса, оның қарсыласы Камала Харриске сайлаушылардың 45,4 пайызы дауыс берген.

    Свежая публикация по теме:
    Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

    Вирджиния, Оңтүстік Каролина және Джорджия штаттарында да дауыс беру учаскелері жабылды.

    АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.