jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркияда тереңдігі 15 метр болатын жұмбақ шұңқыр пайда болды

    Түркиядағы топырақ шұңқыры
    Түркияның Конья провинциясында пайда болған шұңқыр. Скриншот: Anadoly Agency

    Түркияның Конья провинциясында тереңдігі 15 метрге жететін жұмбақ жер шұңқыры пайда болды. Шұңқырдың пайда болу себептері әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DHA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    DHA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркиядағы Конья провинциясының Карапынар ауылында тереңдігі 12-15 метр, диаметрі 100 метр болатын жұмбақ шұңқыр пайда болған.

    Агенттік ақпаратынша, Қарапынар тұрғындары мұндай құбылыстардың өздері үшін қалыпты жағдай екенін айтқан. Олар тек ауылға алғаш келген қонақтар ғана мұндай құбылысқа таң қалатынын жеткізген.

    Конья техникалық университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык "Анадолу" агенттігіне берген мәліметінде, шұңқырдың Түркияда 6 және 20 ақпанда болған жер сілкіністеріне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

    Айта кетейік, 6 ақпан күні болған Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.

    Ал 24 ақпан күні кешке Түркияның орталық аймақтарында 4 баллдан жоғары тағы екі жер сілкінісі тіркелді.

    Түркияда тереңдігі 15 метр болатын жұмбақ шұңқыр пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.