Азия ойындарында Қазақстан қоржынына пара садақ атудан алғашқы медаль түсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия пара ойындарында садақ атудан Қазақстан құрамасы медаль еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Темірлан Сейітқамал мен Нұршат Төлеуқасым W1 класындағы жұптық сында финалға дейін жетті.
Шешуші кезеңде қазақстандықтар қытайлық қарсыластарына есе жіберді. Осылайша Сейітқамал мен Төлеуқасым күміс жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының Азия ойындарында пара садақ атудан алған тұңғыш медалі.
Сондай-ақ сәрсенбіде ұлттық құрама пара жеңіл атлетикадан да медаль иеленді. Ислам Салимов көру қабілеті бұзылған спортшылардың T13 класында ұзындыққа секіруден күміс жүлдеге ие болды.
Махамбет Серікқалиев ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол отырып жарысатын спортшылардың F53 класында бақ сынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2445784-aziia-oiyndarynda-qazaqstan-qorzhynyna-para-sadaq-atudan-algashqy-medal-tusti/