Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азия ойындары: қазақстандық пара велошабандоздар екі алтын медаль жеңіп алды

    Анастасия Калаус және Полина Братчикова (солдан оңға қарай)
    Анастасия Калаус және Полина Братчикова (солдан оңға қарай). Фото: Ұлттық паралимпиада комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан Қазақстан құрамасы бір күнде үш медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы 5 шақырымдық жекелей жарыста ел намысын қорғаған екі спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

    Бұл сында Наиль Ермұханбет жеңімпаз атанса, Кирилл Ильюкевич күміс жүлдеге ие болды. Оларға бағыт берушілер Руслан Әлиев пен Глеб Брусенский көмектесті.

    Әйелдер арасындағы осы дисциплинада Анастасия Калаус чемпион атанды. Оған бағыт беруші Полина Братчикова көмектесті. Ал Жұлдыз Қайнарова мәреге жете алмады.

    Азия ойындары: қазақстандық пара велошабандоздар екі алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram