Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Командалық турнирде ел намысын қорғаған Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов үздік шықты.
Финалға барар жолда олар Түркияны (45:20), Гонконгты (45:28), Мысырды (45:40) және Францияны (45:39) жеңді.
Шешуші сында қазақстандықтар Ресей құрамасымен кездесті. Финал украиналық Александр Горбачук жаттықтыратын ұлттық құраманың пайдасына 45:40 есебімен аяқталды.
Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогы кезеңінде топ жарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2444193-qazaqstandyq-semserlesushiler-alem-kubogy-kezengining-zhengimpazy-atandy/