Қазақстан құрамасы жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияның Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында V жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іс-шара "Біз – тамаша тұлғамыз" ұранымен өтті. Қазақстан туын 2024 жылғы Паралимпиаданың қола жүлдегері, ядро лақтырудан Пара Азия ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков пен пара дзюдодан әлемнің вице-чемпионы Аяла Мереке алып шықты.
Жарыста ел намысын 150 спортшы қорғайды, олар спорттың 18 түрінің 12-сі бойынша жүлдеге таласады. 2026 жылғы Пара Азия ойындарына 45 ұлттық құрама қатысады. Медальдар жиынтығының жалпы саны – 489.
Жапония Пара Азия ойындарын алғаш рет қабылдап отыр. Жарыстар негізінен Нагоя қаласы мен Айти префектурасының ареналарында өтеді.
Жабылу салтанаты 24 қазанда "Палома Мидзухо" стадионында болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2444125-qazaqstan-quramasy-zhazgy-aziia-para-oiyndarynyng-ashylu-saltanatyna-qatysty/