Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты Астанадан Алматыға ауыстырылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ресми сайтында 2027 жылғы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тиісті шешім Швейцарияның Лозанна қаласында өткен ISU кеңесінің отырысында қабылданған.
Бастапқыда ірі халықаралық турнирді Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда жарыс Қазақстанның мәнерлеп сырғанау одағының келісімімен Алматыға ауыстырылған.
Шешімнің Астананың сол жағалауын қамтамасыз ететін электр станциясындағы өртке байланысты қабылданғаны нақтыланды. Бұл оқиға "жарыс өтетін бастапқы орынның жұмысына да, қауіпсіздігіне де әсер еткен".
Төрт құрлық чемпионаты "Алматы Арена" мұз сарайында өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі жабық мұз айдыны.
Жарысты өткізу мерзімі өзгеріссіз қалды – 2027 жылғы 9-14 ақпан. Төрт құрлық чемпионатына Азия, Америка, Африка және Океания елдерінің мәнерлеп сырғанаушылары қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2443055-manerlep-syrganaudan-tort-qurlyq-chempionaty-astanadan-almatyga-auystyryldy/